• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz

Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында басшылықты Қарағанды облысында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, пошталық индекс М01М8F3, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерінің сақталуын бақылау.
14. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
2) Қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
7) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
8) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
9) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
10) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;
12) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды Қарағанды облысының аумағында қамтамасыз ету саласында цифрлық технологиялардың дамуы үшін жағдай жасайды;
14) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасайды;
15) әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерінің келісуін қамтамасыз етеді;
16) атқарушы органдар, жұмыс берушілер және аймақтық кәсіподақтар бірлестіктері өкілдерінің арасында жасалатын облыстық келісімді әзірлейді және келісуге ұсынады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарға кедергісіз баруға;
2) профилактикалық бақылау жүргізу;
3) жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
4) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
7) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнайы киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға;
8) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау алудан, білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша ақпаратты, талап қоюларды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға жіберуге;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
12) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізуге;
13) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және жұмыскерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
Міндеттері:
15) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
16) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;
17) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге;
18) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
19) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
20) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларға қатысуға;
21) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
22) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
23) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады және ол «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
18. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) заңнамаға сәйкес «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
5) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілеріне көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
6) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілеріне үстеме ақылар мен қосымша ақылар белгілейді;
7) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар қабылдайды;
8) облыс әкімінің, облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша баяндамаларына материалдарды, анықтамаларды зерделейді;
9) облыс әкімдігінің іс-шараларына «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде қатысады;
10) облыстық құрылымдармен, еңбек бойынша мемлекеттік өкілетті органмен, министрліктермен және ведомстволармен, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жүргізеді;
11) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
12) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшыларының құзыретін анықтайды.
«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.
«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Дата редактирования: 12 марта 2015

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастар саласында мемлекеттік бақылауды жасайтын мемлекеттік атқарушы орган болып табылады.
2. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Казақстан Республикасы Президенті мен Казақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

РЕШЕНИЕ ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Районный суд №2 Казыбекбийского района города Караганды в составе председательствующей судьи Шайменовой А.Б., при секретаре Жақия А.М., с участием прокурора Сейсекиной Л.,  истца государственного инспектора труда Нуркеновой Г.Т., ответчика Айтжановой А.С., рассмотрев в  открытом  судебном  заседании гражданское дело по иску государственного инспектора труда  ГУ «Управление по инспекции труда Карагандинской области» Нуркеновой Гульсии Тулеуовны к Айтжановой Арай Сеитжановне об опровержении сведений

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы