• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz

Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік Гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан Гимніның музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР Гимніның музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Гимніның музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік Гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік Гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік Гимнін бекітті.
Описание: http://karzemotn.gov.kz/sites/default/files/files/images/content/f224.JPG
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
 
Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 
Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным! 
Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай. 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 
Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Дата редактирования: 12 марта 2015

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастар саласында мемлекеттік бақылауды жасайтын мемлекеттік атқарушы орган болып табылады.
2. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Казақстан Республикасы Президенті мен Казақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

РЕШЕНИЕ ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Районный суд №2 Казыбекбийского района города Караганды в составе председательствующей судьи Шайменовой А.Б., при секретаре Жақия А.М., с участием прокурора Сейсекиной Л.,  истца государственного инспектора труда Нуркеновой Г.Т., ответчика Айтжановой А.С., рассмотрев в  открытом  судебном  заседании гражданское дело по иску государственного инспектора труда  ГУ «Управление по инспекции труда Карагандинской области» Нуркеновой Гульсии Тулеуовны к Айтжановой Арай Сеитжановне об опровержении сведений

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы