• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка
Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz


Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Новости региона

Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясын қашықтықтан өткізді


Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы онлайн режимінде өтті. Жиналыстың дистанциялық форматын депутаттар елдегі төтенше жағдайға және бұқаралық іс-шараларға тыйым салуға байланысты таңдады.


Сессия күн тәртібінде облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Депутаттар бюджеттің шығыс бөлігін түзетуді бекітті. Осындай қиын уақытта қазынадан ақша шұғыл қажеттіліктерге бағытталмақ.
Инфекциялық ауруханалар мен бөлімшелер үшін жеке қорғаныс құралдары мен медициналық жабдықтар сатып алынатын болады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорын толықтыруға қосымша қаражат бөлінді. Сондай-ақ Төтенше және күтпеген жағдайларға арналған облыстық бюджеттің резерві ұлғайтылды.


Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек депутаттармен байланысқа шықты. Өңір басшысы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар туралы айтып берді.
Облыстағы жағдай бақылауда, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Атқарушы органдар тіршілік әрекетінің барлық салаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша күнделікті мониторинг жүргізеді. Тұрғындар тәуліктің кез келген уақытында түрлі мәселелер бойынша хабарласа алатын жедел желілер жұмыс істейді. Барлық қажетті шаралар жедел түрде қабылдануда.


«Мен «алдыңғы қатарлы майданда» тұрған медицина қызметкерлеріне, полиция мен ТЖД қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Олар тәулік бойы өз міндеттерін орындап қана қоймай, біздің әрқайсымыз үшін, халық үшін, ел үшін барлық мүмкіндіктерін аямауда, қолдарынан келгендерін жасауда. Барлығымыз бірігіп оларды жақсы сөздермен, денсаулық, шыдамдылық, рух пен сенімділікті жоғалтпауын тілеп, қолдайық. Біз бұл күрделі кезеңді бірлік пен ынтымақта өткереміз. Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін!», - деді Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Айман Түкбаева Facebook-тегі парақшасында.
 


Вернуться назад

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы