• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz

Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Новости региона

Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды


Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында Қарқаралы ауданының тұрғыны жерлестеріне сыйлық жасады. Манарбек Кәрім ұлымен бірге Абайдың портретін тастың бетіне қашап бейнеледі. Аталмыш ескерткіш тас Қарқаралы тарихи ғимаратының жанында орнатылды.

Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы үйде Абайдың әкесі Құнанбай қонақ ретінде тұрған. Абайдың өзі балалық шағында мұнда көп рет қонақ болған. 19 ғасырдың екінші жартысында бұл үй татар көпесі Халиолла Бекметовке тиесілі еді. Қазір мұнда аудандық мәдениет бөлімі орналасқан.

Абай гравюрасы бар ескерткіш тастың салмағы 2,5 тонна, биіктігі - 350 сантиметр.

- Біз тасты Қорғантас тауынан түсірдік, онда бір кездері қалмақтармен үлкен шайқас болған. Трактормен оны үйге алып келіп, жұмыс істей бастадық. Ұлым көп көмектесті, ол өзі эскизді салды. Содан кейін біз Абайдың портретін тасқа түсірдік. Ескерткіш тасты дайындауға 4 күн уақытымыз кетті, - деді автор Манарбек Кәрім.

Ескерткіш тас орнатылған үй Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында егжей-тегжейлі сипатталған.
 


Вернуться назад

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы