• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка
Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz

Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Анонсы

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі


1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастар саласында мемлекеттік бақылауды жасайтын мемлекеттік атқарушы орган болып табылады.
2. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Казақстан Республикасы Президенті мен Казақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 
3. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік және орыс тілдерде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ  Казақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органында есеп-шоты болады.
4. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түсе алады.
5. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер ол Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өкілетті болғанда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастың тарабы болу құқығына ие.
6. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген тәртіппен мемелкеттік мекемеде міндетті түрде күші бар бұйрықтар қабылдай алады.
7. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, № 73 үй.
9. Мемлекеттік органның атауы  мемлекеттік тілде: «Карағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілде: Государственное учреждение «Управление по инспекции труда Карагандинской области».
10. Осы Ереже «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
12. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға тыйым салынады.
Егер «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда ол қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін сақталуын мемлекеттік бақылау.
14. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
2) жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын, еңбек қауіпсіздігі жағдайларына құқықтарымен қоса сақталуын қамтамасыз ету.
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жасайды;
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жасайды;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шегінде өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
8) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі сонымен қоса электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесін пайдалана отырып белгіленген тәртіпте жеке заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың өкілдерінің (жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;
11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органымен белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
13) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;
14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы мәселелері бойынша соттарға қатысады;
16) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындалуын және мемлекеттік органдарға құқықтық, консультациялық көмек көрсету қамтамасыз етеді;
17) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бюджетін әзірлейді;
18) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қажетті тауарлар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жұмыстарын өткізеді және талдауды ұйымдастырады;
19) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін жетілдіру мәселесі бойынша облыс әкіміне, облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына ұсыныстар енгізеді;
20) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өз құзыреті шегінде облыс әкімінің және жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
21) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреттілік шегінде облыста әлеуметтік серіктестікті дамытуды әлеуметтік серіктестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жұмыс тобының жұмысын қамтамасыз ету және іс-әрекетін ұйымдастыру жолымен нығайтады;
22) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік серіктестіктің жақтарымен әлеуметтік серіктестік жөніндегі облыстық үшжақты клмиссияның келісім жобасын әзірлейді және келісімге келеді;
23) Жетекшілік ететін салаларда цифрлық технологияларды дамыту;
24) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар жасау;
25) жетекшілік ететін салалары бойынша Қарағанды облысының ашық жиынтық деректерінің өзектілігін қамтамасыз ету және интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;
26) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде негізгі міндеттерімен функцияларын іске асыру мақсатында келесі құқықтары бар:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарға кедергісіз баруға;
2) бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыруға;
3) жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
4) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
7) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнайы киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салуға;
8) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасай отырып, арнайы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алып қоюға;
9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау алудан, білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша ақпаратты, талап қоюларды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға жіберуге;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
13) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі мен шарттарын сақтауы тұрғысынан тексеру жүргізуге;
14) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;
15) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен, жұмыскерлердің өкілдерімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
16) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде мәселелер бойынша, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде облыстық әкімдікті ұсынып және керекті хат алмасуға;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
- міндеттері:
18) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
19) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;
20) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге;
21) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға
22) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
          23) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға;
24) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
25) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
26) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті;
27) Қазақстан Республикасының мемелекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдарының талаптарын сақтауға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жетекшілік ету мезгілдес Қарағанды облысының Бас мемелкеттік еңбек инспекторы болып табылатын, мемлекеттік органға жүктелген міндеттермен және функциялардың орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады;
18. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамалары негізінде Қарағанды облысының әкімімен лауазымға тағайындалып және лауазымынан босатылады;
19. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасы заңнамалары негізінде, жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарының келісімімен лауазымға тағайындалып және лауазымынан босатылатын орынбасары болады. Басшының болмаған мерзімінде «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін басшы орынбасары атқарады;
20. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі;
1)  «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жалпы жетекшілік етеді;
2)  Қазақстан Республикасы заңнамалары негізінде «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлерін лауазымға тағайындап және лауазымынан босатады;
3)  «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  бөлімдерінің ережелерін және қызметкерлерінің лауазымды нұсқауларын бекітеді;
4)  өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, нұсқаулар береді және қызметтік құжаттарға қол қояды;
5)  «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза салады;
6)  «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте үстемені және үстемақыларды тағайындайды;
7)  «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде оқтаулы сыбайлас жемқорлықтың қарсы әрекетін қабылдайды;
8)  Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын сақтау мәселелері жөнінде облыс әкіміне, жетекші ететін облыс әкімінің орынбасарына аттануларына мақалалар, анықтамалар, материалдар жинақтайды;
9)  «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде облыстың әкімдіктің іс-шарасының дайындығында араласады;
10) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде облыстық құрылымдармен, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, министрліктермен және ведомствалармен, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттер жасайды;
11) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жоспарын бекітіп, олардың орындалуын бақылайды;
12) азаматтарды қабылдау жүргізіеді;
13) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіпте тауарлар және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бақылау жасайды;
14) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген қаржының мақсатты шығын бойынша және материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасайды;
15) «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда ұсынады;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес орынбасары мен бөлім басшыларының өкілеттігін белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
22. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен, сонымен қатар өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаражат есебінен сатып алынған мүліктен (ақшалай табысты қоса алғанда) қалыптастырылады.
23. «Қарағандының облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен басқаша белгіленген болмаса, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген, қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен билік етуге құқықығы жоқ.

5. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі

25. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
 


Вернуться назад

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы