• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz

Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі республикалық «Парыз-2019» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы жөніндегі Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қарағанды облысының еңбек инспекцисы жөніндегі басқармасы облыстың кәсіпкерлері және жұмыс берушілерінің назарына Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз-2019» конкурсын өткізудің басталуы жөніндегі хабарландыруын мәлімет үшін жеткізеді.
Осыған байланысты облыстың қалалары мен аудандарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізулері қажет. Республикалық «Парыз» конкурсына қатысуға арналған іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып саналады.
Конкурс 4 аталым (номинация) бойынша өткізіледі:
1) «Үздік әлеуметтік жауапкершіліккті кәсіпорын».
Осы аталымда (номинация) жеке персоналды қолдау, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысу, мүмкіндігі шектелген адамдардың әлеуметтік бейімделуі және жалпы алғанда қоғамның қал-ақуалын жақсартуға (еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіби дайындау және қайта даярлау жүйелері, мүмкіндігі шектелген адамдардың басым көпшілігін жұмысқа орналастыру және т.б.) бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асырушы үміткерлердің қызметі қарастырылады.
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Осы аталымда (номинацияда) еңбек қызметі үрдісінде жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беруші еңбек жағдайларын жасаушы үміткерлердің қызметі қарастырылады.
3) "Үздік ұжымдық шарт».
Осы аталымда (номинацияда) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартушы және нығайтушы ұжымдық шарттардың талаптары қарастырылады.
4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Осы аталымда (номинацияда)  қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларды іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қарастырылады.
«Парыз-2019» конкурсына қатысудың ережелері және тәртібі туралы толық ақпаратты алу үшін  ұйымдардың орналасқан жері бойынша қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінулеріңізді сұраймыз.
Сондай-ақ, Сіздер барлық ақпаратты  «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сайтынан алуларыңызға болады.

 

Дата редактирования: 12 марта 2015

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастар саласында мемлекеттік бақылауды жасайтын мемлекеттік атқарушы орган болып табылады.
2. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Казақстан Республикасы Президенті мен Казақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

РЕШЕНИЕ ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Районный суд №2 Казыбекбийского района города Караганды в составе председательствующей судьи Шайменовой А.Б., при секретаре Жақия А.М., с участием прокурора Сейсекиной Л.,  истца государственного инспектора труда Нуркеновой Г.Т., ответчика Айтжановой А.С., рассмотрев в  открытом  судебном  заседании гражданское дело по иску государственного инспектора труда  ГУ «Управление по инспекции труда Карагандинской области» Нуркеновой Гульсии Тулеуовны к Айтжановой Арай Сеитжановне об опровержении сведений

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы