• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz

Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының 10 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар туралы

Облыстық, Астана және Алматы
қаларының әкімдіктері

Облыстық, Астана және Алматы қаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына

Облыстық, Астана және Алматы қаларының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармаларына

Облыстық, Астана және Алматы қаларының Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана және Алматы қаларының департаменттері

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз»
конкурсының 10 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2017 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Ұ.Маминнің төрағалығымен өткен, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысында қарастырылған, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» Конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) 10 жылдығына орай ұйымдастырылатын шаралар жөніндегі берілген тапсырмалар аясында, жылдағы өткізілетін іс-шаралардан басқа:
1) 2008-2016 жылдар аралығындағы Конкурс лауреаттары туралы бейнероликтерді дайындауды (қазақ және орыс тілдеріндегі, кемінде 5 минут, мазмұны: кәсіпорын (немесе кәсіпкер) туралы қысқа ақпарат, қарамағында жұмыскелердің (ұжым немесе мекен тұрғындары) кәсіпкердің қоғамға қосқан үлесіне алғысы, кәсіпорын (немесе кәсіпкерге) мемлекет тұрғысынан жасалған жағымды жағдайлар және т.б. қамтуы тиіс);
2) өңірлік танымал теларналарда Конкурс лауреаттары туралы бейнероликтердің көрсетілуін қамтамасыз етуді;
3) 2008-2016 жылдар аралығындағы конкурсқа қатысушылармен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне, спонсорлық және қайырымдылық көмекке жұмсалған қаражат жөніндегі ақпаратты (қосымшаға сәйкес) ү.ж.
31 мамырына дейін дайындауды;
4) танымал теле және радио каналдар, сонымен қатар интернет парақшалар және әлеуметтік желілер (facebook, twitter, instagram, yvision және т.б.) арқылы Конкурс идеологиясын тарату;
5) БАҚ-да ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру арқылы, Конкурстың 10 жылдығына орай пресс-конференциялар (дөңгелек үстелдер, брифингтер) өткізуді;
6) әлеуметтік-жауапты кәсіпорындар ұйымдастырған, «Еңбек жолы» Конкурсының өңірлік деңгейдегі лауреаттарының қатысуымен жаппай және спорттық іс-шараларды өткізуді;
7) Конкурстың республикалық және өңірлік деңгейлеріндегі лауреаттарымен Министрлік басшыларының өңірлерге іс-сапары барысындағы кездесулерді;
8) Конкурс қатысушыларымен флэш-мобтарды өткізуді;
9) Конкурстың республикалық және өңірлік деңгейлеріндегі лауреаттарының қатысуымен (қатысушылар жетістіктерінің тарихы, халықты әлеуметтік қамтамсыз етудегі бизнестің үлесі туралы) сұхбаттар, ток-шоулар және т.б. өткізуді;
10) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту туралы өңір басшыларының мақалаларын (Конкурс қатысушыларының өңірді дамытуға қосқан үлесі және жастарға оң үлгіні қалыптастыру туралы және т.б.) жариялауды;
11) Конкурстың 10 жылдығына орай басқа да шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді сұрайды.
Министрлікке, атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша, есептік айдан кейінгі әр айдың 5-не дейін растайтын материалдары қосымша жалғанған ақпарат ұсынуды сұраймыз.
Қосымша: 3 парақта.


Вице-министр                                      Б.Нұрымбетов


 

Дата редактирования: 12 марта 2015

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастар саласында мемлекеттік бақылауды жасайтын мемлекеттік атқарушы орган болып табылады.
2. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Казақстан Республикасы Президенті мен Казақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

РЕШЕНИЕ ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Районный суд №2 Казыбекбийского района города Караганды в составе председательствующей судьи Шайменовой А.Б., при секретаре Жақия А.М., с участием прокурора Сейсекиной Л.,  истца государственного инспектора труда Нуркеновой Г.Т., ответчика Айтжановой А.С., рассмотрев в  открытом  судебном  заседании гражданское дело по иску государственного инспектора труда  ГУ «Управление по инспекции труда Карагандинской области» Нуркеновой Гульсии Тулеуовны к Айтжановой Арай Сеитжановне об опровержении сведений

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы