• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz

Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Дәстүрлі «Парыз -2017» конкурсына қатысуға сұраныстарды қабылдауды бастау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы облыстың жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің назарына Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2017 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарландыруды жеткізеді.
Осы жылы  республикамызда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының 10 жылдығы кең түрде аталып өтуде. «Парыз-табыстың 10 жылы!».
Осы атаулы күнге байланысты облыстың қалалары мен аудандарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өздерінің  корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктерін қалыптастыру және арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Конкурстың облыстық және республикалық  кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі:
1) «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Аталмыш номинацияда үміткерлердің өзіндік персоналдарын қолдау, мүмкіндігі шектелген адамдардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау және жалпы алғанда қоғамның жағдайын жақсартуға ( еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік төлемдер, кадрларды  кәсіби дайындау және қайта даярлау жүйесі,  мүмкіншілігі шектелген көптеген адамдарды жұмысқа орналастыру және т.б.) бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жұмыстары қаралады.
2) «Еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жұмыстары барысында жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларының жұмыстары қаралады.
3) "Ең үздік ұжымдық шарт".
Аталмыш номинация бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартушы және күшейтуші ұжымдық шарттар қаралады.
4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл номинация бойынша қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын жүзеге асыруда жан-жақты көзге түскен үміткерлердің атқарған жұмыстары қаралады.
«Парыз-2017» конкурсына қатысудың ережелері мен тәртібі туралы толық ақпаратты алу үшін ұйымның орналасқан жеріндегі қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығуларын өтінеміз.Сондай-ақ, толық ақпаратты облыс әкімінің немесе «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы»ММ сайтынан алуларыңызға болады. Сайтта орналастырылған: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 01 тамыздағы « Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы «№873 Жарлығы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы республикалық «Парыз» конкурсын өткізудің Ережелері, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы республикалық «Парыз» конкурсын өткізуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары және т.б.

 

Дата редактирования: 12 марта 2015

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбек қатынастар саласында мемлекеттік бақылауды жасайтын мемлекеттік атқарушы орган болып табылады.
2. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Казақстан Республикасы Президенті мен Казақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

РЕШЕНИЕ ИМЕНЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Районный суд №2 Казыбекбийского района города Караганды в составе председательствующей судьи Шайменовой А.Б., при секретаре Жақия А.М., с участием прокурора Сейсекиной Л.,  истца государственного инспектора труда Нуркеновой Г.Т., ответчика Айтжановой А.С., рассмотрев в  открытом  судебном  заседании гражданское дело по иску государственного инспектора труда  ГУ «Управление по инспекции труда Карагандинской области» Нуркеновой Гульсии Тулеуовны к Айтжановой Арай Сеитжановне об опровержении сведений

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы