• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Сенім телефондары
43-20-84
enbek@krg.gov.kz

Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Новости Республики

Шешілмейтін мәселелер жоқ – Сенаторлар өңірлерді аралады


Мәселен, Сенат депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесті және мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты.

Сессия барысындағы кездесулерде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму келешегі, тұрғындардың әл-ауқаты, жергілікті депутаттардың жұмысына қарқын беру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, депутаттар  тұрғындарды 2019-2021 жылдарға арналған бюджетке енгізілген  өзгерістер туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Сенат депутаттары Қостанай облыстық Қоғамдық кеңес басшылығымен кездесті. Атап айтсақ, Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Азамат Тұрсыновпен кездесті.

Кездесуде еліміздегі қоғамдық кеңестердің қызметі және 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының заңына түзетулер жобасы туралы мәселелер талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестер институтының қызметі кешенді және жүйелі талдауды, сондай-ақ жекелеген тетіктерді жетілдіруді талап ететіндігі анықталды. Сонымен қатар, жергілікті жердегі бірқатар өзекті мәселелерді бақылауға алу, сондай-ақ оларды депутаттық сауалдарда ескерілетіні туралы айтылды.

Сенатор аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

Өз кезегінде Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына болып, кен байыту фабрикасының жұмысшыларымен кездесті және еңбек жағдайымен, кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Сенатор өңірге сапары кезінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың мүшелерімен кездесті.

Жүздесулер барысында маңызды мәселелер талқыланып, шешу жолдары сараланды. Рысқали Әбдікеров сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға арналған 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы алаңында болды.

Ал , Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Динар Нөкетаева Алматыға қаласындағы жұмыс сапары аясында балаларды сауықтыру саласындағы бірқатар орталықтарда болды.

Сенатор сапарындағы алғашқы нысан – Талғар ауданындағы Монах шатқалында орналасқан «Спутник» балалар сауықтыру орталығы болды.

Динар Нөкетаева осында демалатын балалармен кездесіп, орталықтың жағдайымен танысу барысында мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін демалыс бөлмесінде, спорт және ойын залдарында болды, асхананы, клубты, футбол, волейбол алаңдарын көрді.

Сенатор педагогикалық құраммен әңгімелесіп, медициналық көмек орталығының қызметкерлермен танысты. Депутат осындай орталықтарда патриоттық, тарихи, танымдық тақырыптарға арналған шараларды өткізудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ,  Д.Нөкетаева «Сәлем» сауықтыру лагері болған кезде еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалармен әңгімелесіп, әр баланың жағдайына назар аударды және олардың лагерьдегі жағдайды жақсарту жөніндегі тілек-ниеттерін сұрады.

Депутат сауықтыру орталықтарындағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөнінде бірнеше ескертулер айтып, оларды қысқа мерзімде түзетуді тапсырды.

Сонымен қатар, депутат   Рысқали Әбдікеров еліміздің аймақтарына жұмыс сапары аясында Сәтбаев қаласында болып, әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысандарды аралады. Сенатор өз жұмысын өнеркәсіп аймағында орналасқан құс фабрикасын аралаудан бастады.

Рысқали Әбдікеров еңбек ұжымымен әңгімелесіп, кәсіпорынның дамуына оң баға берді. Сенат депутаты сондай-ақ жергілікті полиция басқармасында болып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті және мемлекет саясатының маңызды бағыттарын түсіндіре келіп өңірдегі елді мекендердің қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды.

 Сенатор сапары барысында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауға басымдық берілді.

Тұрғындар кездесулерде түрлі мәселелер көтерілді, соның ішінде азаматтық алу, кенттерден Сәтбаев қаласына қоныс аудару, мүгедектікті ресімдеу мәселелері, көп балалы отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмектер, пәтер мәселесі, қаланы абаттандыру жайы айтылды.

«Шешілмейтін мәселелер жоқ. Қазір әкімдіктің барлық қызметі қала мәселелеріне қоғамды көбірек тартуға бағытталған», - деп атап өтті Рысқали Әбдікеров.

Сондай-ақ,  Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында болды.

Сенатор жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, аз қамтылған азаматтарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті беру туралы әңгіме өрістеді. Депутатқа «Бизнес бастау» және «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру жөнінде атқарылған істер туралы айтылды. Сенатордың айтуынша, мұндай шаралар жастарға кәсіпкерлік ісі бойынша оқуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сенатор бүгінгі күні осы негізде тұшпара өндірісінің цехын аралап, өндіріс қуатымен танысты.

Жас кәсіпкер «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша несие алып, қазір табысты жұмыс істеп келеді. Р.Әбдікеров осындағы ескі шиналарды қайта өңдеу және жою кәсіпорнында болып, өндіріс технологиясымен, кәсіпорынның алдағы жоспарымен танысты.

Сенаттың баспасөз қызметі  хабарлағандай,  кәсіпорын алдағы уақытта 20-дан астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болады. Депутаттың жұмыс сапары Жаңаарқа ауданында одан әрі жалғасты.

Сенатор Байдалы би ауылында болып, жергілікті тұрғындардың өмірімен танысты. Рысқали Әбдікеров жергілікті ақсақалдармен, атқарушы билік органдарының, қоғамдық-саяси және жастар ұйымдарының өкілдерімен, кәсіпкерлермен, көп балалы отбасылармен кездесіп, олардың проблемаларын тыңдап, оларды шешу жолдарын талқылады, сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесулерде атаулы әлеуметтік көмек, еңбекақыны уақтылы төлемеу, тұрғын үйді бөлу, ауылшаруашылығы техникасы бөлшектерінің бағасы туралы сұрақтар қойылды.

Оған қоса,  Арыс қаласының балалары 12 шілде мен 3 тамыз аралығында демалу үшін Алматыға келген болатын. Олар қала маңында орналасқан «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде демалатын болады.

Төтенше жағдайлардан зардап шеккен 150 бала сауықтыру шараларынан өтуге және уақытын жақсы өткізуге мүмкіндік алып отыр. Жас қонақтардың алғашқы тобын алматылықтар перронда қарсы алды.

Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева да жас меймандарды қарсы алушылардың арасында болды. Сенатор жеткіншектермен әңгімелесіп, олардың бәріне демалыстарының жақсы өтуіне тілектестігін білдірді.

«Бүгінгі күні арыстық балаларға барлық жағдай жасалған. Балаларға арналған тамақтану және демалыс шаралары толық қарастырылды. Әр күнге әр түрлі ойын-сауық жоспарланған. Балалар денсаулықтарын түзейді, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Сондықтан, олар жақсы демалады деп ойлаймын», - деді Динар Нөкетаева.
 

Айта кетейік, Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасына сәйкес сенаторлар осы күндері аймақтарда жүр. Олар Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық саясаты мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы туралы тұрғындарды хабардар етуде.

Аягөз Құрмаш 

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.


Вернуться назад

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы