• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка
Сенім телефондары
30-25-23
enbek@krg.gov.kz


Күнтізбе

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс




Новости Республики

Кәсіпкерлерді қолдау қалай жүзеге асырылуда


«Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге шарты жеңілдетілген несие және ауылдар мен шағын қалаларда тұратын азаматтардың бизнес ашулары үшін немесе бизнестерін кеңейтулері үшін алатын несиелеріне кепілдеме беріледі.

Бағдарлама шартына сәйкес, Қордың Қарағанды филиалы кәсіпкерлер үшін «Еңбек» бағдарламасы бойынша несие беретін микроқаржы ұйымдары мен несие серіктестіктері алдында кепіл болады және кәсіпкер алатын несиенің 85%-не дейін кепілдендіреді.

Мысалы, кәсіпкер несие серіктесінен немесе микроқаржы ұйымы арқылы несие рәсімдеуге кепіл заты жетпесе Қор филиалы несие сомасының 85%-не дейін кепілдендіреді. Егер кәсіпкер несиені уақытында қайтара алмаса, онда филиал жоғарыда аталған қаржы ұйымдарына кәсіпкер үшін тиісті қаржыны қайтаратын болады.

Былтыр Қарағанды филиалы кепілдеме беру жөнінде жалпы сомасы 74,7 млн теңге болатын 21 өтінімді қабылдады. Барлық өтінім мақұлданып, кәсіпкерлерге кепілдеме берілді.

Қордан кепілдеме алған бірнеше кәсіпкерді мысалға келтіруге болады:

«Бауржан» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Бауыржан Ибраев Қарағанды облысына қарайтын Осакаров ауданының Молодежный ауылында тұрады. Ол жүк тасымалдау, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды сұрыптау, сығымдау, көму және кәдеге жарату қызметімен айналысады.

Бауыржан Ибраев бизнесті дамыту мен қолдауға арналған «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бизнес - Кеңесші» жобасы бойынша және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бизнес бастау» жобасы бойынша бизнес негіздерін оқыған.

2011 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды филиалы берген кепілдік бойынша "Бастау Бизнес "Несие серіктестігі" ЖШС-нен 6 млн теңге несие алып, «LG 953» фронтальды жүк тиегішін сатып алды. Кепілдік сомасы 85%-ті немесе 5,1 млн теңгені құрады.

Осокаров ауданы әкімдігімен бекітілген келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Қыстай Молодежный ауылының қарын тазалады. Сондай-ақ ұйымдар мен тұрғын үйлердің аумағындағы қарды тазалап, жеке тұлғаларға да қызмет көрсетеді. Кәсіпкердің жүк тиегішінен бөлек, жүк тасымалдайтын КАМазы бар. Сондықтан, кешенді қызмет көрсете алады.

кан2.jpg

Көктемде қоқыс пен қи шығару жұмыстарын атқару үшін келісім-шарттар жасауды және қосымша КАМаздар жалдауды жоспарлап отыр.

Бауыржан Ибраев – филиалдан кепілдеме алған ең жас кәсіпкерлердің бірі. Ол 21 жасында несие алып, жеке бизнесін бастаған. Бауыржанның бұл салада тәжірибесі мол. Бұған дейін алты жыл әкесіне көмектескен азамат.

«Мастер» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Елена Шмидттің бизенсі Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылында.

Елена Шмидт «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқудан өткен. Ол құрылыс материалдарын көтерме және бөлшектеп саудалау қызметін көрсетеді.

Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды филиалынан кепілдеме алып, «Бизнес Бастау» ЖШС несие серіктестігінен 6 млн теңге несие рәсімдеген. Алған несие қаржысын дүкен ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсаған. Филиал берген кепілдеме сомасы 47% немесе 2,8 млн теңгені құрады. Несие рәсімдеу мен кепілдеме алуы кәсіпкерге бизнес-идеясына іске асыруға мүмкіндік берді. Біріншіден, сату көлемі мен қызмет көрсету сапасы артты, өнімді сатудан түскен табыс өсті, кәсіпорын жұмысының қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Бұл Ақбұлақ ауылындағы жалғыз құрылыс материалдары дүкені. Мұнда Молодежный ауылымен қоса, басқа да көрші ауыл тұрғындары күнделікті келіп сауда жасайды.

«World» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Сергей Шевцовтың Осакаров ауданының Молодежный ауылында дүкені бар.

Сергей «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқудан өткен. Ол азық-түлік тауарларын сату қызметін жалғастыра беруді жоспарлап отыр.

Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды филиалынан кепілдеме алып, «Бизнес Бастау» ЖШС несие серіктестігінен 6 млн теңге несие рәсімдеген. Берілген кепілдеме сомасы - 65 % немесе 3,9 млн теңге. Алған несие қаржысы ГАЗ 330202-0288 маркалы автомашина сатып алу мен бизнестің айналым қаржысын толықтыруға жұмсалды.

кан1.jpg

Қазір «World» жеке кәсіпкерлігінің дүкені ауылдағы ең мықты дүкендердің бірі. Сатып алған автокөлік пен айналым қаражатын толықтырғанның нәтижесінде кәсіпкер артық шығын мен тауар жеькізу уақытын қысқартты. Дүкенде кәсіпкердің өзі мен тағы бір адам жұмыс істейді.

   «Аруна» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Күнболат Нухайя Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылында тұрады. Ол сусымалы материалдар тасу қызметімен айналысады.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқудан өткен.

Былтыр Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды филиалынан кепілдеме рәсімдегеннен кейін «Бизнес Бастау» ЖШС несие серіктестігінен 3 787 500 теңге несие алды. Кепілдеме сомасы 71% немесе 2,7 млн теңгені құрады. Несие қаржысы «КАМаз 55102» автокөлігін сатып алуға жұмсады.

2019 жылдың күзінде Күнболат Нығметұлы астық жинау науқанында жұмыс істеп, егіс алқабынан қоймаға астық тасыды. Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларына көмір мен құрылыс материалдарын тасумен айналысты. Жүк тасымалдау – кәсіпкердің негізгі табыс көзі. Биыл да көктемгі егіс жұмыстарына қатысуды жоспарлап отыр.

Өз қаржысына сатып алған жүк тиегіш техникасы да бар. Күнболат бауырымен бірге қоқыстарды тиеп, тасымалдау ісін де атқарады.

 


Вернуться назад

`

Жаңалықтар

Аңдатпалар

Байланыс телефондары

+7 (7212) 43-20-84; +7 (7212) 48-16-22

Мекен-жай

Казахстан, г.Караганда ул. Ермекова,73,

Қабылдау уақыты

Прием граждан осуществляется с 9:00 до 18:30
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі Басқармасы
Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөздерге сілтеме жасау міндетті.Әзірлеу және қолдау : Creatida Интернет-компаниясы